Кездесу барысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасына корей компанияларының қатысуы мәселесі талқыланды, деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын атап өткендей, аталған жобаны іске асыру барысында бірнеше мердігерлік компания жұмылдыру мен құрылыс жұмыстары кестесінен қалып қоюына байланысты мәселе туындаған еді. Олардың ішінде «Кукдонг», «КСС» және «Поско» компаниялары бар.
Көлік министрі Берік Камалиев бұдан бұрын «Кукдонг» компаниясының бас директорымен кездесті. Осы кездесудің қорытындысы бойынша ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Оңтүстік Корея елшілігінің өкілдерінің қолдауымен компанияның негізгі қызметкерлерін ауыстырды, қазақстандық қосалқы компанияларының жабдықтарымен қоса құрылыс техникасын көбейту бойынша шаралар қабылдады. Ағымдағы жылғы тамыз айында құрылыс жұмыстары кестесін қалпына келтіру жоспарланды.
Алдағы уақытта басқа екі компанияның («КСС» және «Поско») басшыларының Қазақстанға сапары күтілуде. Сонымен қатар, министр Елшіге проблемалық құрылыс учаскелеріне барып қайтуды және Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы мердігерлік компаниялары өкілдерінің қатысуымен болатын шұғыл отырыстар өткізуді ұсынды.
Кездесудің соңында Елші Ли Бён Хва екі көлік ведомствосының арасында теміржол саласында меморандумға қатысты мәселені көтерді. Бұл меморандумға ағымдағы жылғы тамыз айында Корея Президентінің Қазақстанға сапары кезінде қол қоюы күтілуде.
Министр Берік Камалиев қазақстандық тарап барлық мәселелер келісілгеннен кейін аталған құжатқа қол қоюға дайын екендігін білдірді.