АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті жолдардың құрылыс сапасын қадағалау қызметі ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетіне беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«ҚР Көлік және коммуникация министрлігі республикалық жолдар құрылысын қадағалаумен айналысады. Ал жергілікті жолдарды қадағалау тұрғысында бізде бұндай өкілеттілік жоқ. Алайда Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл өкілеттілік бізге тапсырылуы тиіс", - деді министр.
Белгілі болғандай, қазіргі кезде өкілеттілікті беру үшін нормативтік-құқықтық құжаттама әзірленуде. Ол бекітілгеннен кейін ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті жергілікті жолдардың құрылыс сапасын қадағалайтын болады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.