Оқиға 8 мамыр күні сағат 21.00-де Алматы қаласы әуежайының маңында болған. Келтірілген материалдық шығын көлемі - 166 500 теңге.
Көлік полицейлері жедел-іздестіру шараларының барысында ізін суытпай 33 жастағы ер азаматты ұстады. Күдікті уақытша жұмыссыз жүрген Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.
Аталған факт ҚР ҚК 190-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қазір уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.