Есіл стансысының желілік бөліміне шағымданған Ақмола облысының 27 жастағы тұрғын әйелі, стансыда оның қолындағы сөмкесін жұлып әкеткен ер азаматқа қатысты шаралар қабылдауды өтінеді. Ұрланған сөмкеде 15 мың теңгедей ақша, «Samsung» ұялы телефоны және құжаттар болған.
Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлер Есіл стансысының теміржол вокзалында 23 жастағы қала тұрғынын ұстады және тінту кезінен одан ұрланған заттар табылады. Заттай айғақтар тәркіленді, факті бойынша қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде.