Көлік полицейлері қылмыстық әрекеттер туралы ақпараттарды дереу хабарлауды сұрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлерінің заңнан тыс әрекеттерімен бетпе-бет келген немесе куә болған азаматтар Көліктегі ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарласуын сұрайды.

Темір жол вокзалында, әуежайлар мен жолаушылар поездарында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенім телефондары көрсетілген, сондай-ақ қызметкерлердің ұялы телефондарының нөмерлері бар ақпараттарда бар.

Басқарманың сенім телефонына хабарласқан азаматтардың әрбір ақпараты ауызша тіркеуге алынып, заңмен белгіленген мерзімде және жан-жаққа хабарлану арқылы процессуальдық шешім қабылданады.

«Сол сияқты сенім телефондарыәрбір желілік бөліністердің кадр жөніндегі басшыларының орынбасарларының жанында орналасқан. Желілік бөліністердегі сенім телефондарының жұмысы тікелей Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бақыланады», - деді ҚР ІІМ Көліктегі ІІД ӨҚК басшысы полиция майоры М. Айтуғанов.

Криминалдық полиция басқармасынның басшысы полиция полковнигі Д.Мақсұтовтың айтуынша, қазіргі уақытта Департаменттің қызмет көрсету аумағында азаматтардың ұялы телефоны ұрланғандығы туралы алаяқтық фактілері көптеп тіркелген.

Демек, сізге таныс емес азамат келіп телефонын жоғалтып алғанын немесе ұрланғанын айтып немесе бірліктерінің таусылып қалғанын сылтауратып, біреулерге сөйлесіп алуға сіздің ұялы телефоныңызды сұрайды. Бұдан соң ол біреуге сөйлескен сыңай танытып сізден алыстай бастайды, cіздің оның әрекетін назардан тыс қалдырған сәтіңізді пайдаланып, алдын-ала ойластырып қойған жолмен сытылып кете барады немесе вокзалдағы шоғырланған адамдардың арасына кіріп жоқ болады.

Сондай-ақ студенттердің ата-анасы немесе туыстары жолаушылардан сәлемдеме беріп жіберетін фактілер жиі ұшырасады (ақшалай, заттай, азық-түлік, әртүрлі заттар және т.б). Жолаушылар пойызы жүрер алдында қандай да бір сәлемдемені жеткізіп беру жауапкершілігін өзіңізге алмағаныңыз дұрыс, себебі онда қоршаған ортаға және адам өміріне қауіпті заттар болуы мүмкін. Немесе керісінше, сәлемдемені жеткізіп беруді мойнына алған жолаушы өзі туралы жалған мәлімет беріп кетіп қалуы да ғажап емес. Пойыз межелі стансаға жеткенде сәлемдемені алған адам жоқ болып кетуі немесе жаңа ғана бір азамат келіп сәлемдемені алып кеткенін, нақты кім екенін еске сақтай алмағанын айтуы мүмкін.

Темір жол вокзалдарының нысандарында орын алатын «алаяқтық» қылмыспен көбінесе 25-35 жас аралығындағы ер азаматтар айналысады.

Билетті жеке адамдардан сатып не ауыстырып алмай тек теміржол кассаларынан сатып алу крек. Өйткені онда жеке куәліктің нөмері жазылатындықтан, пойызға отырғызу кезінде сіздің жеке куәлігіңіздің нөмері сәйкес келмей, жол жүрер алдында қиындықтар туындауы мүмкін. Сол сияқты белгісіз адам жасанды билет сату фактісіде кездеседі. Егер бөгде біреу жолаушыларға өзін ішкі істер органының өкілі ретінде таныстырып, моральдық және материалдық залал келтірсе, ол туралы ақпаратты дереу пойыздағы көлік полицейіне немесе белгіленген стансадағы қызметкерлерге жеткізген дұрыс. Сондай-ақ ол туралы Көліктегі ІІД-нің ресми веб-сайты арқылы хабарлауға болады.

Егер сіз күдікті біреуді байқасаңыз тез арада бақылауда отырған полицияға немесе 102 телефонына хабарласыңыз.