Тексеру барысында одан өзіндік иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды.
Сараптама қорытындысы бойынша оның жалпы салмағы 264 келі 210 граммды құрайтын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты екендігі анықталды.
Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 296 бабының 4 тармағы бойынша (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркелді.