Көлік полицейлері ұшақта темекі шеккен Германия азаматын рейстен түсірді
17:20, 08 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат -8 маусымда сағат 00:15-те Алматы қаласы әуежайының Желілік полиция бөліміне халықаралық әуежайдың диспетчерлік қызметінен «Люфтганза» әуе компаниясының «Франкфурт-Алматы» бағытындағы рейстегі әуе кемесінде тәртіп бұзушы бар екені туралы хабарлама келіп түскен.
Тексеру кезінде Германияның 1981 жылғы азаматы анықталды. Ер адам ұшақтың бортында темекі шегіп тұрды, деп хабарлайды Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.
Аталған фактімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 441-бабының 1-бөлімі бойынша (Жекелеген қоғамлдық орындарда темекі шегуге салынған тыйымды бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам үш айлық көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл төлейді.