Қазақстан Республикасына келген азамат ішкі істер органдарында заңда белгіленген мерзім бойынша тіркелмеген. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Қызылорда мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қатысты ҚР аумағынан шығару түріндегі әкімшілік шара қолданылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері жол полициясы қызметкерлері Қазақстанда жүріп-тұру ережелерін бұзған 337 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 291-і - ТМД азаматтары, алыс шетелдерден келгендер саны - 46.