деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың 23 ақпанында шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде көлік полициясы қызметкерлері Қарағанды қаласында 29 жастағыазаматқа есірткі затын сатқан 45 жасар қала тұрғынын ұстады. Тексеріс барысында оның автокөлігінен 1 келі 503,20 грамм көлеміндегі кептірілген марихуана тәркіленді.
Сонымен қатар 24 ақпан күні Меркі стансасында 1 келі 10 грамм есірткі затымен 42 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Сол күні Тәтті стансасында 44 жастағы азаматтан 1 келі 90 грамм көлеміндегі кептірілген есірткі заты тәркіленді. Аталған қылмыстық жағдайлар бойынша химиялық сот-сараптама ісі жүргізіліп жатыр, делінген келіп түскен ақпаратта.