Көлік полициясы пойыз жолаушысынан киіктің 62 мүйізін тапты

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - 7 маусым күні Атырау стансасында жүргізілген жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде «Саратов-Ташкент» бағытындағы пойыздың жолаушысынан киіктің 62 дана мүйізі алынды,

деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Ұсталған 33 жастағы ер адам Өзбекстанның Самарқанд облысының тұрғыны екені белгілі болды. «Қызыл кітапқа» енгізілген жануардың мүйіздері тәркіленді. Тергеу жүргізілуде.