Көлік прокуратурасы: Mobius жүйесі заңсыз билет саудасын жойған жоқ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас көлік прокурорының міндетін атқарушы Жасұлан Еламанов теміржол билеттерін сатуға арналған Mobius жүйесін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасұлан Еламанов әуелі «Нұрлы жол» бағдарламасының қаржысын игерубойынша кешенді тексеру басталғанын мәлім етті.

«Тексерулер көліктік бақылау органдарының жұмысында елеулі кемшіліктербар екенін анықтады. Өткен жылы әкімшілік жауапкершіліктен жалтару, арнайырұқсаттарды заңсыз жолмен беру, мәжбүрлі тыйым шараларын қолданбау сияқтыкемшіліктер анықталған болатын. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті ұсынымдар бергенбіз.Сол ұсынымдар бойынша Көлік комитетіне қарасты аумақтық бөлімшелердің 14қызметкері әкімшілік жауапқа тартылды. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылқызметінің өкілдері бірнеше лауазымды тұлғаны пара алғаны үшін ұстады», - дегенкөлік прокуратурасының өкілі «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясының жұмысындазаңбұзушылықтар анықталғанын атады.

«Көліктік бақылау қызметіне сауал көп. 2015 жылдан бері «Нұрлы жол»бағдарламасы бойынша 51 жоба жүзеге асырылған. Олар 1700 шақырым автомобиль жолын салып жөндеуге бағытталған жобалар болатын. Жалпы сомасы 700 млрдтеңгеге таяу. Қазір уәкілетті органдармен бірге сол қаржының қаншалықты заңдыигерілгенін тексеріп жатырмыз. Әзірдің өзінде «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясымен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінде өте күрделі заңбұзушылықтаранықталып жатыр», - деді ол.

Жасұлан Еламанов теміржол билетінің саудасын реттеу үшін іске қосылғанMobius жүйесінің жұмысын сынға алды.

«Бұл жүйе билет алып сатқыштардың жолын кесуі тиіс болған. Қазір олайболмағанын көріп отырмыз. Билетті алып-сатуәлі жалғасуда. Оған БАҚ-тағы материалдар дәлел. Соның бірі бойынша тексеружүргізіп, Шымкент қаласындағы вокзалдардан бір күннің ішінде билетті заңсызсатып жүрген 6 адамды ұстадық. Олардың бәрі әкімшілік құқық бұзу кодексінің449-бабы бойынша жауапқа тартылды. Дәл оындай жағдай Алматы қаласыныңвокзалдарында да орын алып отыр. Бұл мысалдар Mobius жүйесін айналып өтугеболатынын көрсетеді. Бұл мәселе әлі жойылмағандықтан, өзге де жауаптыоргандармен бірге шара қолданамыз», - деді ҚР Бас көлік прокурорының міндетінатқарушы.

Соңғы жаңалықтар