«Әуе прокуратурасы жүргізген мониторинг нәтижесінде 32 көлік кәсіпорынының табысы төмендетіп көрсетілгені анықталды. Бұл кәсіпорындар салық есебінде атқарылған, жұмыс, қызмет, тауар сатуда қосымша құн салығы мен корпоративті табыс салығын аз етіп көрсеткен», - деді прокуратураның баспасөз қызметінен.
Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге заңбұзушылықтарды қалпына келтіру жөнінде ескерту хабарлама жіберген болатын.
Салық төлеушілер салық есебін 264,7 млн теңге мөлшерінде түзеді. Сонда мемлекет қазынасына қосымша 220 млн теңге түсті.