Көлік рөліне ие бола алмай, қол арбада жатқан баланы басып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербордың Всеволожский ауданында әйел адам көлігімен бесік арбада жатқан 10 айлық сәбиді басып кеткен, деп жазады «Росбалт».

Оқиға кешкі сағат 20.30-дар шамасында Бугры кентінде Шоссейная көшесінің бойындағы №7 үй ауласында болған. Әзірге белгісіз бір себептермен көлік рөліне ие бола алмай қалған әйел адам ішінде 10 айлық қыз бала жатқан қоларбаны соққан. Салдарынан нәресте Токсовская аудандық ауруханасында қайтыс болды.