23 тұлғаға жалпы сомасы 1 60 429 500 теңге болатын айыппұл салынды, 10 айыпкер бас бостандығынан айырылды, қалған үшеуінің бас бостандықтарына шектеу қойылды, деп хабарланды Бас көлік прокуратурасының ресми сайтында.
Сотталушылар арасында: 1 салық инспекциясының қызметкері, 4 адам көліктік бақылау инспекциясынан, 5 адам санитарлық-эпидемиялық қызметінен, 6 адам кедендік қызметтен, 7 адам ішкі істер органдарынан және қалған 14-і - темір жол көлігі саласынан (кедендік брокерлер, темір жол ұйымдарының басшылары т.б.).
Мәселен, Астана қ. №2 Алматы аудандық сотының үкімімен Астана қалалық Көліктік бақылау инспекциясы автомобиль көліктерін бақылау бөлімінің бас маманы Б.Р. Мұханбетқалиевке ҚР ҚК 366-бабы, 2-бөлімі бойынша (пара алу) алынған параның (520 мың теңге) алпыс есе көлемінде, яғни 31 200 000 теңге сомасында айыппұл салынды. Сот үкімі шыққан соң, айыпталушы көрсетілген соманы толық төледі. Сот үкімі заңды күшіне енді.