АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Асылбек Дүйсебаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне бір топ ардагер-автокөлікшіге министрліктің «Құрметті автокөлікші» төсбелгісін салтанатты жағдайда табыс етті.
Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Алғаш рет тағайындалған «Құрметті автокөлікші» атты ведомстволық награда автомобиль көлігі саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек еткен және оның дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлерге тапсырылды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.