«Көлік саласы коронавирус инфекциясы індетінен кейін әлі қалпына келген жоқ. Есептік кезеңде нақты көлем индексі 96,9% құрады. Транзиттік контейнерлік тасымалда оң динамика сақталды. Көрсеткіш 625,6 мың жиырма фунттық баламаны құрады. Өсім 37% болды», - деді Қ. Өскенбаев.
Оның айтуынша, көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 2 млрд тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,8 пайызды құрады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл елімізде қара металлургия саласында өсім болды.
Сонымен қатар, фармацевтика өнеркәсібінде халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сұранысының артуы есебінен өндіріс көлемі 38,9% артты.