деп хабарлайды аталған министрліктің баспасөз қызметінен.
Кеңеске индустрия және жаңа технологиялар, сыртқы істер министрліктері, «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық Қазақстан палатасы, сонымен қатар, көлік-коммуникациялық кешендерінің одақтары қатысты.
Кеңес барысында бизнес құрылымдардан түскен ұсыныстарға байланысты бақылау және тексеру қызметін жүзеге асырудағы бірқатар мәселелерді шешу және көлік қызметі нарығындағы әкімшілік жүктеулерді қысқартуға бағытталған шаралар талқыланды.
Көлік және коммуникация министрлігінде 100 рұқсат беру құжаттарының 30-ын қысқарту жайлы шешім қабылданды.
Тек қана көліктік бақылау саласына рұқсат беру құжаттарының 40%-дан астамы қысқартуға жатады. Бірқатар рұқсат беру құжаттары мен функциялар бәсекелік ортаға жіберіледі.
Мемлекеттік қызметкерлер мен өтініш берушілердің тікелей қатынастарын тыю мақсатында көліктік бақылау органдары көрсететін алты мемлекеттік қызмет ХҚКО-на баламасыз негізде беріледі. Аталған қызметтерді 2012-2014 жылдары аралығында автоматтандыру қарастырылған.
Көліктік бақылау бекеттерінің оңтайландыру мәселесі де аталып өтілді. Көлік министрі Б. Камалиевтің бұйрығымен 18 стационарлық бекет қысқартылды. Көліктік бақылаудан өткен соң ілеспелі құжаттарда бекет мөртабаны қойылады. Ол оның бақылаудан өткенін және басқа бекетте қайтадан өтпеуін растайды.
Сондай-ақ жиын барысында қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын есепке ала отырып, министрлікте су және автомобиль көлігіндегі құрылымдық бөлімшелерін құру жөнінде шешім қабылданды.
Ұлттық халықаралық автокөлік тасымалдаушылардың нарығын қорғау бойынша да жұмыс күшейтілуде. Ағымдағы жылғы шілде айының соңына дейін екі жақты рұқсат беру құжаттарын үшінші елдерге тасымалдауды жүзеге асыруды болдырмауды көздейтін «Халықаралық автомобиль тасымалдауға рұқсат беру жүйесін қолдану ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкімет қаулысын қабылдау күтілуде.
Сонымен қатар, келісушілік органдарын, келісу мерзімдерін қысқарту және ауыр салмақты жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру тәртібін жеңілдету көзделген қаулы жобасы Үкіметке енгізілді.
Кеңестің қорытындысы бойынша, көлік министрі Берік Камалиев жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыруды тапсырды және бизнес қауымдастығымен одан әрі сындарлы әрекеттестіктің қажеттілігін атап өтті.