Көлік және коммуникация министрі Алматы облысында өтетін «Jeppesen Air Party» авиашоуға қатысады

АСТАНА. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов 2010 жылғы шілденің 24-інде Алматы облысы Бақбақты кентінде өтетін «Jeppesen Air Party» авиашоуға қатысады,

деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Авиашоу аясында кіші авиацияны дамыту мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтеді.