Көлік және коммуникация министрі болып бұрынғы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Сайлауұлы Камалиев тағайындалды.
Үкімет басшысы жаңа министрді құттықтай келе, оның көлік саласында тәжірибесі бар екенін, Б.Камалиев бұрынырақта Көлік және коммуникация вице-министрі болғанын атап көрсетті.