АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Астанадағы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.
Министрдің қабылдауына негізінен Астана, Алматы қалаларының және Алматы облысының тұрғындары, барлығы 10-нан астам азамат өз ұсыныстарымен және мәселелерімен келді. Азаматтарды негізінен жаңадан салынатын автомобиль жолдары мен оларды қайта салу, жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мәселелері көбірек толғандырды.
Өз кезегінде, министр барлық ұсыныстардың міндетті түрде қаралатындығын жеткізді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.