Көлік және коммуникация министрлігі: Алматы облысында темір жол қатынасы уақытша тоқтатылда

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа райының қолайсыздығы салдарынан көлік қатынасында қиындықтар орын алуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін 2 сағат 47 минуттан бастап Алматы жол бөлімшесінің Сарыөзек - Үштөбе учаскесінде (Мойынқұм -Көпір аралығындағы 1439-1444 км) темір жол төсемі бойындағы топырақтың шайылып кетуіне байланысты пойыздар қозғалысы тоқтатылды.

Кіші Биже арнасы мен Кіші және Үлкен Биже өзендерінің қосылған жеріндегі су деңгейінің бөгеттен асып кетуіне байланысты темір жол бойындағы ұзақтығы 10-15 метрдей жер төсемінің табанын су басып, шайып кеткен.

Сол себепті, №22 «Қызылорда - Семей», №325 «Новосібір - Алматы», №21 «Семей - Қызылорда», № 31 «Павлодар - Алматы» жолаушы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.

Қазірге кезде жер төсемінің шайылып кеткен тұсында 50 адамнан тұратын бригада жұмыс атқаруда.