Көлік және коммуникация министрлігі: Еуро-3 экологиялық кезеңін енгізу мерзімі 2013 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автокөлік құралдары үшін Еуро-3 экологиялық кезеңін енгізу мерзімі 2012 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылатынын хабарлайды.

Еуро-3 экологиялық кезеңін енгізу мақсаты пайдалану мерзімі ұзақ және экологиялық сипаттамалары төмен автомобильдер ағынына жол бермеу, сондай-ақ, жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және автокөлік құралдарына талаптарды жоғарылату арқылы жылжымалы құрамды жаңарту болып табылады.

Автокөлік құралдарының және қозғалтқыштарының 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестік кестесі, шығарылған жылдарына қарай

Автомобиль және/немесе оған арналған қозғалтқышты шығарған ел

3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылдары

Еуропалық одаққа * кіретін, жанармай қозғалтқыштары

2001 жылдан бастап және одан кейін

Еуропалық одаққа кіретін *, дизельдер

2002 жылдан бастап және одан кейін

АҚШ

2001 жылдан бастап және одан кейін

Жапония

2005 жылдан бастап және одан кейін

Канада

2004 жылдан бастап және одан кейін

Үндістан

2010 жылдан бастап және одан кейін

Қытай

2008 жылдан бастап және одан кейін

Корея

2003 жылдан бастап және одан кейін

Ресей

2008 жылдан бастап және одан кейін

Украина

2010 жылғы 1 шілдеден бастап және одан кейін

Беларусь

2008 жылдан бастап және одан кейін

Өзбекстан

2010 жылдан бастап және одан кейін

Осылайша, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап осы талаптарға сәйкес келмейтін автокөлік құралдарын енгізуге және өндіруге тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы аумағында пайдалынудағы автомобильдер 3-экологиялық кезеңнің талаптарына кірмейді, яғни, толық тозуына дейін пайдаланылады, деп хабарлайды, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.