Көлік және коммуникация министрлігі:Қазақстан мен Иран арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Кеше ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының (ИИР) Төтенше және Өкілетті Елшісі Рамин Мехманпарастпен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесудің мақсаты ? сәуір айына жоспарланған Иран Президенті Махмуд Ахмадинежадтың Қазақстанға ресми сапары, оның ішінде көлік саласындағы екі мемлекеттің ынтымақтастығы жөніндегі мәселелерді талқылау. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық қазақстан-иран мемлекетаралық комиссиясының (МАК) қазақстандық тарапынан жауапты мемлекеттік органы болып табылады. МАК-тың қазақстандық тарапынан төрағасы - ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов, ал иран тарапынан ? ИИР ішкі істер министрі Моттаки Манучехр. Осы мерзімге дейін МАК-тың 10 отырысы өтті. Кезекті 11-і отырысы Тегран қаласында болады.Автомобиль саласы бойынша өткен жылғы тамызда Тегран қаласында екі мемлекеттің көлік ведомстволары делегациялары арасында халықаралық автомобиль тасымалы мәселелері бойынша кезекті келіссөздер өтті. Осы кездесудің нәтижесінде екі жақ 2008 жылға 300 рұқсатнама көлемінде рұқсатнама бланктерімен алмасуға қосымша квота жөнінде, 2009 жылға алдын ала 1000 рұқсатнама беруге келісті. Өткен жылы 1450 бланктерімен тепе-теңдік алмасуы жасалды, оның ішінде 632 рұқсатнамасын ? қазақстандық, 1171 ? иран тасымалдаушылары қолданды. Үстіміздегі 2009 жылы 1000 рұқсатнама көлемінде алдын ала алмасуы жасалды. Екі елдің ынтымақтастығындағы болашағы бар бағыт - темір жол көлігі саласы. 2008 жылы Қазақстанның экспорттық және импорттық жүк көлемі Иранға 2,9 млн. тонна және Ираннан 77,4 мың тонн құрады. Қазақстан арқылы транзиттік жолмен өткен Ираннан келген экспорттық және импорттық жүк көлемі Иранға 128,7 мың тонна және Ираннан 22,3 мың тоннаны құрады.Сонымен қатар, 2007 жылғы желтоқсанда Берекет қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі, Түркіменстан Үкіметі және Иран Ислам Республикасы Үкіметі арасында Өзен (Қазақстан) ? Қызылқия ? Берекет ? Этрек (Түркіменстан) ? Горган (Иран) темір жол желісін салу жөнінде келісімге қол қойылды. Желінің жалпы ұзындығы ? 680 шақырым, оның 138 шақырымы Қазақстан Республикасын арқылы өтеді. Қазіргі уақытта Көлік және коммуникация министрлігі жобаның сметалық документтерін дайындауда. Бірінші жылға жоспарланып отырған тасымал көлемі 9,6 млн.тонна шамасында болмақ.Су көлігі саласында Ақтау (ҚР) мен Амирбад (ИИР), Ақтау (ҚР) мен Анзали (ИИР) порттары арасында достастық және өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Кездесу барысында ведомство басшысы Әбілғазы Құсайынов жақын арада екі мемлекет арасында әуе қатынасын ашуға қазақстандық тараптың дайын екендігін растады.