деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Кеңестің жұмысын аша отырып, Берік Камалиев аталған мәселе Үкіметтің тұрақты қадағалауында және бұдан бұрынғы селекторлық кеңестерде астық тасымалдауды қамтамасыз ету жөнінде белгіленген шараларды атап өтті.
Қазан, қараша айларында сәйкесінше 1 млн. 193 мың тонна және 1 млн. 272 мың тонна астық тасымалданды. Аталған көлемдер жоспардағы көрсеткіштерден 17% және 27% артық..
Ауылшаруашылық министрлігінің мемлекеттік инспекция комитеті демалыс және мереке күндері тасымалдау орындарында қажетті құжаттаманы рәсімдеуді толық көлемде қамтамасыз етті.
Кедендік бақылау орнатылмаған станцияларда астықты тасымалдаудың кедендік үздіксіз рәсімделуін қамтамасыз ету мәселесі әлі шешілмеген. Осыған байланысты, кедендік қызмет өкілдеріне көшпелі бекеттер ұйымдастыру мәселесін қарау ұсынылды.
Астық қабылдау кәсіпорындарының астықты тиеу және түсіру кезіндегі үздіксіз жұмыс ұйымдастыруды қамтамасыз ету мәселесінде өзара іс-қимылын үйлестіру жөнінде қиыншылықтар бар. Кейбір астық тиеу кәсіпорындары демалыс және мереке күндері астықты тиеуді ұйымдастырмайды, осыған байланысты, алдағы мерекелерді ескере отырып, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тиісті шешім қабылданды.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша нақты тапсырмалар берілді. Аталмыш тапсырмалардың орындалу нәтижелерін ағымдағы жылғы 21 желтоқсанға белгіленген келесі селекторлық кеңесте қарау жоспарланды.