Көлік және коммуникация министрлігі: Қоғамдық көліктің жұмысы - ерекше назарда
Оған жергілікті атқарушы органдардың және автокөлік кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлады аталмыш министрліктің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда қоғамдық көліктің жұмысын ұйымдастыру қай өңірде болмасын өзекті мәселеге айналып отыр. Көлік және коммуникация министрлігінің сайты мен министрдің ресми блогына тұрғындар тарапынан көрсетілетін қызмет сапасының төмен деңгейде екендігі туралы көптеген шағымдар түсіп жатады. Негізінен, бұл - автобустардың қозғалыс тәртібінен ауытқуы, жол ережелерінің бұзылуы, автобус паркі қызметкерлерінің төмен мәдени деңгейі және автокөлік құралдарының азып-тозуы туралы сауалдар.
Осыған орай, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары басқармаларына жоғарыда айтылған ескертулерді түзету, жолаушы автопаркін жаңарту, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша ақпаратты Көлік және коммуникация министрлігіне ұсыну туралы ұсынылды. Сонымен қатар, қоғамдық көлікті пайдалану үшін азаматтардың белгілі бір санатына берілетін жеңілдіктер жөнінде тұрғындарды хабардар ету қажеттілігі де айтылды.
Министрліктің Көлік және қатынас жолдары комитетіне үстіміздегі жылғы15 сәуірге дейін жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар арасында Тұрақты жолаушы және жүк тасымалын ұйымдастыру туралы типтік келісімдерді бекіту бойынша іс-шараларды қолға алу тапсырылды. Бұл типтік келісімдерде отырыста талқыланған күрделі мәселелер реттелетін болады. Сонымен қатар, Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерінің жобасы жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын есепке ала отырып дайындалады. Бұл құжатта жолаушыларды тасымалдауға қатысушылардың жауапкершілік аясы анықталады.