Көлік және коммуникация министрлігі: Литва көліктік-логистикалық орталықтарды және теңіз айлақтарын дамытуына қатысуға ниетті

Фото: None
АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров Литва Республикасының экономика вице-министрі  Арнольдас Бурковскиспен кездесу барысында көліктік логистика саласында, әуе паркіне техникалық қызмет көрсетуде екі ел арасында ынтымақтастықты нығайту және литвалық компаниялардың автомобиль жолдар саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысу жөнінде сөз қозғады,

деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Негізінен литва делегациясының келу мақсаты - жақында Литва Республикасының экономика министрі Дайнюс Крейвистің Астанаға келгендегі сапар барысында көтерілген мәселелерімен үндес. Бұл - қазақстандық компаниялардың Литваның көліктік-логистикалық орталықтарды және теңіз айлақтарын дамытуына қатысу.

Сонымен қатар, литва тарапынан екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу және Литвада «Боинг» маркілі әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.