Көлік және коммуникация министрлігі: Таксомоторлық тасымалдаулардың проблемалық мәселелері талқыланды

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 4 қарашада вице-министр А.Дүйсебаевтың төрағалығымен Көлік және коммуникация министрлігінде таксомоторлы тасымалдарды ұйымдастыру мәселесіндегі проблемалар бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізілді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осы мәжіліске жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік органдар (экономикалық даму және сауда, қаржы, байланыс және ақпараттандыру министрліктерінің, Жол полициясы комитетінің), сондай-ақ тасымалдаушылар қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Вице-министр А.Дүйсебаев, таксомоторлы тасымалдарының жүзеге асырылу саласында заңнама талаптарының көптеп бұзылуына жол берілетіндігі, оның ішінде таксометрлердің, сақтандыру полистерінің болмауы, рейс алдыңда техникалық байқаудан және медициналық куәландырудан өткізілмейтіндігін және т.б. қалыптасқан жағдайларды атап өтті.

Осыған байланысты, тасымалдар процессін жеңілдетуге және оны өркениеті ортаға келтіру мақсатында нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер Министрлікпен әзірленді, атап айтқанда:

- тасымалдаушылар мен жылжымалы құрамдардың барлық біліктілік талаптары үшін бірыңғай және нақты айқындау;

- қазіргі талаптарды, сондай-ақ таксомоторлы тасымалдарын ұйымдастыруды жеңілдету.

Мәжіліске қатысушылармен нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар қаралды және тиісті іс-шаралар жоспары қабылданды.

Жолаушылар тасымалының проблемалық мәпелері бойынша мәжіліс тұрақты түрде жүргізілетін болады.