Көлік және коммуникация министрлігі техникалық байқаудан өткені туралы берілген 822 жалған куәлікті анықтады

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация министрлігі техникалық байқаудан өткені туралы берілген 822 жалған куәлікті анықтады. Бұл туралы аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметінен хабарлады

  «Техосмотр»  бірыңғай ақпараттық жүйесін  пилоттық тәртіпте іске қосқан күннен бастап  көліктік бақылау органдары техникалық байқаудан өткені туралы жалған  куәлік берудің 23 оқиғасын анықтады. Ақтөбе облысы  - 400, Оңтүстік Қазақстан облысы - 230, Тараз қаласы - 144, Алматы қаласы - 26, Шығыс Қазақстан облысы бойынша  22  жалған куәліктің берілгені анықталып отыр. Көліктік заңнаманы  бұзушылықтар  бойынша анықталған барлық мәліметтер  құқық қорғау органдарына берілді.

Жалған бланкілер техникалық байқаудан өткені туралы берілген  куәліктің  нөмірін «Техосмотр» бірыңғай ақпараттық жүйесінде  тіркелген мәліметтермен салыстыру  барысында  анықталды.  Қазіргі уақытта жүйе тестік  тәртіпте  жұмыс істеп тұр. Аталған жүйеде  техникалық байқаудан  өткені туралы ақпараттар және ҚР Ішкі істер министрлігінің 2009-2012 жылдар аралығында техникалық байқаудан өткен автокөлік құралдары туралы деректер жинақталған.

Болашақта «Техосмотр» бірыңғай ақпараттық жүйесі ҚР Салық комитеті, ІІМ және СІМ деректер қорымен ықпалдастырылатын  болады.  Бұл  автокөлік иелерінің  техникалық байқаудан өтуі кезінде  ұсынатын құжаттардың  санын қысқартуымен  қатар, барлық мүдделі  мемлекеттік органдарды қажетті мәліметтермен  қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта «Техосмотр» бірыңғай ақпараттық жүйесін ҚР ІІМ деректер қорымен ықпалдастыру  жүргізілуде.  Бұл көліктік техникалық байқаудан өткенін бақылаудың электрондық жүйесіне көшуге мүмкіндік береді де, қағаз талондар қолданыстан шығарылатын болады.