Алқалы жиынға аймақаралық көліктік бақылау инспекциясы және оның филиалдарының басшылары, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы мен Орталық аймақтық көлік прокуратурасының өкілдері қатысты.
Ведомствоның хабарлауынша, іс-шара барысында Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әділет Барменқұлов теміржол көлігін пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бірлесіп күш салу мен келісілген әрекет жасауды талап ететіндігін атап өтті. «Осыған байланысты Көліктік бақылау комитеті мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірлесіп, ұйымдастыру шараларын күшейтуге және пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеп, қабылдады», делінген баспасөз хабарламасында.