деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Кеңес барысында жергілікті атқарушы органдар мен «ТеміжолМүлік» балансындағы теміржол вокзалдары ғимараттарын қабылдау бойынша атқарылып жатқан мәселелер, сонымен қатар аталған проблемаға қатысты өзге де бірқатар жайттар талқыланды», делінген хабарламада.
Вице-министр Азат Бектұров өз сөзінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының алқа мәжілісінде берген тапсырмасын орындау мақсатында Көлік және коммуникация министрлігінің теміржол вокзалдары ғимараттарын, перрондар мен платформаларды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке тапсыру мәселелерін қарастыратын «Теміржол мүлкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлегенін атап өтті. Қазіргі уақытта қаулы жобасы тиісті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы ұйымдарына жіберілді.
Министрліктің мәліметтері бойынша, «Вокзал-сервис» АҚ (27 бірлік) және жергілікті атқарушы органдардың (94 бірлік) теміржол вокзалдары ғимараттарынан өзге «ТеміржолМүлік» АҚ-ның қарамағында 184 вокзал бар.
Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері кеңеске қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар мен «ТеміржолМүлік» АҚ балансындағы теміржол вокзалдарын қабылдау жағдайы туралы мағлұмат берді.
Азат Бектұров кеңес қорытындысы бойынша, «Қазақстан темір жолы», «Жолаушылар тасымалы» және «Вокзал-сервис» компанияларының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке вокзалдарды өткізу жөніндегі өзекті мәселелерді қарастыру, сонымен қатар нақты орындалу мерзімдерін анықтап, оларды шешу жолдарын белгілеу жөнінде тапсырма берді.