Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пшембаев «Жүргізілген бақылау нәтижесі жемісті болып шықты. Оның қорытындысы негізінде жобалар нысаналанып, жергілікті тұрғындар ұсынған қажетті мал өтпелері, құламалар, ауылшаруашылық техникасы үшін өтпелер қосылды. Сөйтіп, жобалау кезеңінде жергілікті тұрғындармен қарым-қатынастың болмауынан туындаған көптеген кемшіліктер жойылды» деп атап өтті.
Барлығы бақылаумен 4 облыс қамтылды. Оған 63 елді мекеннен 642 тұрғын, 12 құрылыс компаниясынан 1461 қызметкер қатысты.
Нәтижесінде сарапшылармен 600-ден артық ескерту анықталып, бақылау нәтижелері құрылыс компанияларына таратылды, олар осы мәселелерді шешу жұмыстарына кірісті, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.