деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеңесте республика әуежай басшыларының мекемелерде авиациялық қауіпсіздік жағдайын жақсарту бойынша іске асырып жатқан шаралары, әуежай иелерінің қазіргі заманға сай тексеру құралдарын, бейне бақылау жүйесі, қару, қару-жарақ сатып алу үшін қаражат іздестіру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, авиациялық қауіпсіздік қызметінің сандық құрамын нормативтік актілердің талаптарына сәйкестендіру және авиациялық қауіпсіздіктің ішкі аудит шараларын ширату, тағы да басқа мәселелер қозғалды.
Азаматтық авиация комитетіне азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік саласы бойынша қызметіне ықпалды ведомстволық бақылау орнату, сонымен бірге ҚР заңнамасына сәйкес заңсыз араласудан қорғау саласындағы заңнамалардың талаптарын орындамайтын әуежай, авиакомпаниялар және азаматтық авиацияның басқа да тұлғалары басшыларына әкімшілік ықпал етуге дейін катаң шара қолдану тапсырылды.
Меншік иелігіне қарамастан республикадағы барлық әуежайлардың бірінші басшыларының авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі дербес жауапкершілігі жөнінде ескертілді.
Азаматтық авиация комитетіне Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында авиациялық қауіпсіздік талаптарын күшейту жөніндегі Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңісінің нұсқауларын орындау, оның ішінде Семей, Петропавл, Көкшетау қалаларындағы әуежай басшыларының кәсіпорындардағы авиациялық қауіпсіздік жағдайын жақсартуға байланысты жүргізіп жатқан шараларын бақылауға алуы тапсырылды.
Әуежай иелеріне қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы тексеру жабдықтарын, видео бақылау жүйелерін, қару-жарақ пен автокөлік сатып алу үшін қаржы қарастыру тапсырылды. Сондай-ақ, периметрлік қоршауларды «2004 жылғы азаматтық авиацияның аэродром қызметі бойынша әдістемелік нұсқаулар» талаптарына, авиациялық қауіпсіздік қызметі бөлімшелерінің сандық құрылымы мен тексеруді авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нормативті актілер талаптарына сәйкес келтіру талап етілді.
Әуежайдың барлық басшыларына авиациялық қауіпсіздік бойынша ведомствоаралық әуежай комиссиясы мүшелерінің қатысуымен байланыс және қуатпен қамтамасыз ету нысандарына, жанар-жағар май қоймасына, бортты тамақпен қамтамасыз ету жүйесіне, әуе кемелеріне заңсыз енуден қорғау және әуежайдың қауіпсіздік жүйесінің қосымша әлсіз жерлерін анықтауға арналған жұмыстарды жүргізу тапсырылды.