деп хабарлады ККМ баспасөз қызметі.
Министр өзінің баяндамасында «Конституция - бұл біздің лайықты өмір сүруіміздің және әлемдік аренадағы беделіміздің кепілі. Конституцияға құрметпен қарау - біздің парызымыз. Оны өз Отаныңды, өз тарихыңды құрметтегендей қастерлеуіміз керек», деп атап көрсетті.
Содан соң ведомство басшысы белгіленген бағдарламалардың іске асырылу барысы мен жылды лайықты аяқтау жөніндегі міндеттерге тоқталды.
Әбілғазы Құсайынов салтанатты жағдайда саланың дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге Құрмет грамоталарын тапсырды.
Іс-шара мерекелік концертке ұласты.
Сол күні Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің мемлекеттік қызметкер антын қабылдаудың салтанатты шарасы өтті.
Министрліктің жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбек ант қабылдаған жас мамандарды құттықтап, игі тілегін білдірді.