Көлік және коммуникация министрлігінде сауда-экономикалық қатынастар бойынша Үкіметаралық қазақстан-грузия комиссиясының сарапшылық мәжілісі өтті
деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Комиссияның қазақстандық тарапын еліміздің Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов басқарды. Мәжіліс отырысына Қазақстанның Көлік және коммуникация, Байланыс және ақпарат, Туризм және спорт, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ ірі ұлттық және инвестициялық компания өкілдері қатысты.
Ал Грузия делегациясына аталған елдің Экономикалық даму министрі Зураб Пололикашвили, сонымен қатар Грузияның Қазақстан мен Қырғызстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Паата Каландадзе, Грузияның Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, сонымен бірге өзге де мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының өкілдері енді.
«Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық қазақстан-грузия комиссиясының төртінші отырысы барысында екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамыту және кеңейту мақсатында сауда, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт және басқа салалардағы мәселелер талқыланды», делінген баспасөз хабарламасында.
Алқалы жиын барысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Ә.Құсайынов төртінші отырыс Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастыққа жаңа бастама береді деп атап өтті. Бұл орайда үкіметаралық комиссия аясында ынтымақтастықтың оң дамуы мен айтарлықтай ілгерілеуін байқауға болады.