Көлік Жапония СІМ ғимаратына соғылды

ТОКИО. Киодо - ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні белгісіз ер адам көлігімен Токиодағы Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің аумағына кірген бетте департамент ғимаратына соғылған. Бұл туралы ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері Сыртқы істер министрлігіне біраз ақпаратты жеткізгісі келетінін айтып айғайлаған жүргізушіні ұстады.

Полицейлер бұл келеңсіз жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті. Әзірге оқыс оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.