Өткен жексенбі күні 12 жасар Люк Старрок орманды шарпыған өрт Уитбелт қаласына тақап қалған кезде үйінде жалғыз қалған. Оның әкесі Иван Старрок пен ағасы Дейл бұл уақытта өрт сөндірушілермен бірге Могамбер қаласында тілсіз жаумен арпалысып жатқан. Олар Люкке егер жалын үйге жақындаған жағдайда үйден төрт шақырымдай қашықтықтағы апельсин ағаштарына жетіп алуды тапсырып кеткен. Өрт таяп қалған шақта ол итін ағасының автомобиліне салып, дереу жолға шығып үлгерген.
Бір сағаттай уақыттан өткеннен кейін өрт сөндірушілер жол жиегінде тұрған баланы тауып алды.