Көліккомин Кеден одағының автомобиль жолдарындағы қауіпсіздік жөніндегі стандарттар Техрегламентін әзірлеуге кірісті

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Көліккомин «ҚазжолҒЗИ» АҚ-мен бірлесе отырып Кеден одағының «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» техрегламентінің 11 мемлекетаралық стандарттарын әзірлеуге кірісті.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» кедендік одақ құрылғаннан бергі мақұлданған техрегламенттің алғашқыларының бірі. Бұған дейін Ресейде де, Беларусьте де мұндай техрегламент болмауына байланысты оның негізіне Қазақстанның қолданыстағы техрегламенті алынды», - деп атап көрсетті.

Кедендік одаққа мүше елдерге Стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарлама аясында барлығы 110 стандарт әзірлеуіне тура келеді. Оның ішінде ҚР-на 2015 жылдың аяғына дейін 11 стандартты әзірлеу және 99 мемлекетаралық стандарттарға талдау жасау тапсырылған.

Атап айтқанда, Қазақстанға көпір құрылыстары, автомобиль жолдарын қыста күтіп-ұстау, автомобиль жолдарының геометриялық элементтері, бағдаршамдар, автожолдардың классификациясы және автомобиль жолдарының диагностикасы жөніндегі стандарттарды әзірлеуге тиіс.

Бүгінгі күнге «ҚазжолҒЗИ» АҚ-на экспертиза жасау үшін Беларусь пен Ресейден 60-тан астам стандарттар түсті.

Стандарттардың алғашқы редакциясын әзірлеу жұмыстары ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқталмақшы.