Көлікте болған өрт кезінде екі жасар баланы күйік шалды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні күндіз Шымкент қаласында ВАЗ көлігі өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен.

Жалын 17 минуттан кейін сөндірілді. Онымен күресте ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Өрт салдарынан түрлі ауырлық дәрежесіндегі күйіктер шалған 2 жасар бала мен 34 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.