деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
28-ші қаңтар күні Орал стансасының желілік ішкі істер бөліміне Орал қаласының азаматы келіп, сол күні құны 8 мың теңге тұратын «Нокия Х-1» ұялы телефоны ұрланғанын хабарлаған. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері осы әрекет бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында 1976 жылы туылған бұрын істі болған Л. есімді батысқазақстандық азаматты ұстады. Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойнына алды.