Қазір ол жерге тәулік бойы жұмыс істейтін бекеттер қойылған.
Бұл жайында аудандық әкімдіктің Instagram парақшасында жарияланды.
Жол қозғалысы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, автокөліктердің мұз астына түсіп кетуіне жол бермес үшін, сонымен қатар халықтың өмірін аман сақтау үшін бұл өткел жабылады.
«Күршім ауданының тұрғындары облыс орталығына паром арқылы бара алады. Сондай-ақ Күршім-Үлкен Нарын-Алтай-Өскемен жолымен 387 шақырым жол жүріп немесе Күршім-Қалжыр-Зайсан-Көкпекті-Қалбатау-Өскемен тасжолымен 676 шақырымды еңсеріп, жете алады» делінген хабарламада.
Айта кетейік, мұз үстінде полицейлер тәулік бойы күзетіп тұр. Барлық бағытта жүруге тыйым салынған.