2023 жылғы наурызда 162,4 мың автокөлік есепке қойылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе көп. Оның ішінде жеңіл автомобильдер мен автобустар 2,3 есе, жүк автомобильдері 2,4 есе артқан.
1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктер жалпы саны – 4 млн 668 мың. Оның ішінде 87,6% – жеңіл автомобильдер, 10,3% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.
Отын түрі бойынша көліктің:
– 82,4% – бензинмен;
– 7,6% – аралас отынмен;
– 7,4%, –дизель отынымен
– 0,2% газбен;
– 1936 бірлігі – электр қуатымен жүреді.
Биылғы наурызда 2 321 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 340 адам зардап шеккен. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда зардап шеккендер саны 10,8% азайған.