Оны көлікті мас күйінде жүргізгені үшін айыптауда.
«Ол бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан өте шыққан, оны полицейлер тоқтатты. Өткізілген тест оның қанында алкогольдің бар екенін анықтады», - деп хабарлады штаттың полициясы.
Қазіргі уақытта 61 жастағы Крапо кепілге 1 мың доллар төлеп, босатылды. Ал оның ісі бойынша сот 2013 жылдың 4 қаңтарына белгіленді.
Американдық заңдарға сәйкес, мас күйінде алғаш рет тоқтатылған жүргізушіге 300 доллар көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, жарты жылға жүргізуші куәлігінен айрылады.