«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті бұрын облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары және оның бағыныштыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын. Қазіргі таңда аталған лауазым иелеріне қатысты Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының үкімі күшіне енді. Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Б. Жантуров парақорлық фактілері бойынша кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 35 еселеген сомасы көлеміндегі 101,3 млн теңге сома айыппұлға төлейді», - делінген ведомство мәліметінде.
Б. Жантуровқа тасымалдаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың өкілдерінен олардың қызметіне жалпы қамқорлығы үшін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында жүйелі негізде пара алу айыбы тағылған.
Сондай-ақ, Б. Жантуровпен бірге тағы 4 лауазымды тұлға жазаға тартылды.