Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Акцияның мақсаты автокөлік құралдары (АКҚ) тасымалдаушылары мен жүргізушілерінің рұқсат етілген экологиялық талаптарды және автокөлік құралдарының шығарындыларындағы зиянды заттардың нормаларын сақтауы жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың алдын алу болып табылады», делінген баспасөз хабарламасында.
Көліктік бақылау бекеттерінде АКҚ-ның экологиялық нормаларды сақтауын тексеру газ талдауыштарды және түтін өлшеуіштерді қолдану арқылы жүзеге асырылған.
Акция барысында барлығы 13403 автокөлік құралы (автобустар, жүк және жеңіл автокөлік құралдары) тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша зиянды заттар құрамының экологиялық нормаларын бұзушылықпен пайдаланылған 2239 автокөлік құралы анықталды. Автокеөлік иелеріне 7 млн. теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.