Алқалы жиын барысында қатысушылар бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі проблемалық мәселелер, көліктік бақылау органдарындағы сыбайлас жемқорыққа қарсы әрекет, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі бірлескен шаралар қабылдау мәселесін талқыға салды.
Отырыста баяндама жасаған Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әділет Бәрменқұлов жемқорлықпен күрес мақсатында бірқатар нақты шаралардың қабылданып жатқандығын атап өтті. Оның айтуынша, жемқорлықпен күресте негізгі стратегиялық үш бағыт, атап айтқанда, көліктік бақылау органдарының құрылымын реформалау, кадрлық саясат және бақылау процедурасын автоматтандыру айқындалған.