Бұрын жасалған 12 қылмыс, лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарламаның бір фактісі ашылды, іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды. Жалған құжаттарды жасау, дайындау және сату бойынша Ауғанстанның алты азаматы ұсталды.
Бұдан басқа, есірткілік заттарды сақтаудың 10 фактісі тіркелген, соның ішінде 1 факті - есірткіні сату, екеуі - бопсалау, тағы екеуі - жеңгетайлық фактілері. 20 келіден астам түрлі есірткілік құралдар мен заттар заңсыз айналымнан шығарылды: соның ішінде «героин» - 3,89 грамм, «гашиш» - 730 грамм, «марихуана» - 19 келі 676, 99 грамм болды.
Сонымен қатар, оқ-дәрінің төрт данасы тәркіленді, суық қаруды заңсыз ұстаудың үш фактісі, сондай-ақ азаматтардың дәрімен атылатын қаруды өз еркімен тапсырудың үш фактісі тіркелді.