Басылымның мәліметінше, банкротқа ұшырау туралы шешім компанияның директорлар кеңесінің таңғы отырысында қабылданған. Өтініш Токионың аудандық сотына тапсырылды.
Takata-ның америкалық еншілес компаниясы TK Holdings те банкротқа ұшырағандығы жайлы АҚШ билігіне жеке өтініш білдірген. Takata бұғанға дейін америкалық автобөлшектер шығарушы Key Safety Systems-пен (KSS) қаржылай қолдау көрсету жөнінде келісім жасаған. Takata акцияларының басым бөлігі америкалық компанияның үлесіне өтеді. Келісімнен түскен ақшаны жапондық өндіруші бүлінген қауіпсіздік жастықтарынан зардап шегушілердің өтемақысына жұмсайды.