Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әсіресе, қаланың орталық бөлігіндегі жағдай бақылауға алынған.
— Кезекті рейд Алмалы ауданында өтті. Іс-шараға эвакуаторлар жұмылдырылды. Алғашқы сағаттың өзінде 50-ге жуық құқық бұзушы анықталды. Оның ішінде 28 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді. Заңсыз тұрақ — жай ғана тәртіп бұзу емес. Ол кептеліс тудырып, жолдағы қауіпсіздікке әсер етеді, — деп хабарлады департаменттен.
Полиция жүргізушілерді көліктерін рұқсат етілмеген орындарға қалдырмауға шақырады.
Еске салайық, Алматы — Қорғас автожолында екі көлік соқтығысып, үш адам мерт болды.