Негізгі назар инертті материалдарды тасымалдайтын автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтық және габариттік параметрлерін сақтауына аударылып отыр.
Бақылау іс-шараларымен қаланың негізгі кіреберістері, сондай-ақ құрылыс жүктері қарқынды тасымалданатын көше учаскелері қамтылған.
Күшейту шаралары аясында көліктік бақылаудың 6 жылжымалы бекеті жұмылдырылды. Сонымен қатар, еліміздің 17 өңірінен көліктік бақылау инспекцияларының қызметкерлері тартылды.
— Рейдтік іс-шаралар басталғалы бері 622-ге жуық автокөлік тексеріліп, нәтижесінде көлік заңнамасының талаптарын бұзудың
347 фактісі анықталды, оның ішінде артық жүктеу жағдайлары бар. Анықталған құқық бұзу бойынша 92 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, — делінген министрлік хабарламасында.
Өткізіліп жатқан іс-шаралар жол инфрақұрылымын сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға бағытталған.
Көлік министрлігі жүргізушілер мен тасымалдаушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға, көлік құралдарына артық жүк артпауға және жол желісін пайдалануға жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Айта кетелік электрондық кезек арқылы шекарадан 1 млн астам жүк көлігі өткен.