Көлік министрлігі Жайық-Каспий каналын тереңдетуді ұсынды

Көлік министрлігі Жайық пен Каспийдің арасын тереңдету арқылы жүк тасымалының көлемін ұлғайтуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: gov.kz

«Өзендегі кеме қатынасының одан әрі дамуына септігін тигізетін негізгі бағыттың бірі – ол Жайық-Каспий каналы арқылы экспорт тасымалын қайта қалпына келтіру. Келесі жылы бұл каналда тереңдету жұмыстары басталады. Келешекте кеме жүру параметрлерін тиісті деңгейде ұстау үшін тереңдеткіш техника сатып алу жоспарланып отыр», - деді Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Оның сөзінше бұл жоба KPI және ТШО сияқты компаниялардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Тасымалдың болжамды көлемі шамамен 1 млн тонна болмақ.